- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 23 жастағы қазақ...
23 жастағы қазақ қызы 4 университетте оқиды, 6 тіл біледі және БҰҰ-да жұмыс істейді
Аяулым Сарыбаева БҰҰ штаб-пәтерінде жұмыс істйді, Christian Dior сән үйінің арнайы бағдарламасы бойынша білімін жетілдіреді, саяхаттайды және Еуропаның жетекші университеттерінде оқиды. Бұл туралы Tengri Life жазды.
23 жастағы қазақ қызы әлемнің 30-дан астам еліне барған. Алты тіл біледі. Аяулым беделді Erasmus Mundus бағдарламасының стипендиаты. Бұл стипендия оған әр семестрде Еуропадағы университеттерде оқуға мүмкіндік береді.
"Осы бағдарламаның арқасында мен төрт университетте білім алдым: Шотландиядағы Глазго университетінде, Испаниядағы Мадрид автономиялық университетінде, Франциядағы Экс-Марсель университетінде және Португалиядағы Лиссабон университетінде", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аяулымның айтуынша, алғаш рет Erasmus+ бағдарламасы бойынша Испанияға 17 жасында кеткен. Испан тілін де білмеген. Ол жерде 6 ай тұрғаннан кейін жергілікті тілде сөйлей бастаған, оның үстіне, басқа тілдерді де үйренгісі келген.
"Айналадағының бәрі мені әртүрлі мәдениеттерді үйренуге итермеледі. Алты айда испан тілін үйрендім, үйге оралғаннан кейін де оқуды жалғастырдым. Содан кейін француз және португал тілдерін үйрене бастадым. Ал қазір 6 тілде сөйлеймін. Мен 3 рет Erasmus+ бағдарламасына қатыстым. Сондықтан үшінші курстан кейін АҚШ-тан оралмай тұрып, бірден француз университетіне оқуға шақырту алдым", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, ол Christian Dior Couture ұсынған Dior & UNESCO тәлімгерлік бағдарламасының мүшесі. Бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жас қыздарға қолдау көрсетіп, олардың мансаптық және көшбасшылық деңгейін көтеруге көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аяулым – ЮНЕСКО-ның бүкіл штаб-пәтерінде Қазақстаннан келген жалғыз стажер. Ол әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторында жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде контент жасайды, пресс-релиздерді аударады және дайындайды.
"Менің шет тілдерін білуім көп көмектесті деп ойлаймын. Олар испан, француз және ағылшын тілдерін жетік білетін адамды іздеді. Менің әлемнің әртүрлі елдерінде тұру және оқу тәжірибем маңызды рөл атқарды», - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бойжеткен әлі де Ұлыбританияда магистратурада білім алуда, ал оқуын аяқтаған соң халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алған білім мен дағдыларымды дамыту үшін халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Қоғамға үлес қосқым келеді. Мен де өз блогымды жүргіземін және бұл ісім жастарға үлгі болудың бір жолы деп ойлаймын", - дейді Аяулым.
Т. Раушанұлы