22 рет пышақ сұққан: Павлодарда кәсіпкерді аяусыз өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Биыл 21 ақпанда жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шықпай қалған. Ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған. Соталды тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкер Павлодарда күдіктімен оның үйінің ауласында кездескені анықталған.

Ақшаға байланысты келіспеушіліктен кейін олардың арасында жанжал шығып, күдікті жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.

Күдікті туралы

Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның көлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.

видео кадры

"Наурызда ол Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!