27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жасар қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.
Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырған. Ер адамға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!