- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 22 жастағы студент...
22 жастағы студент WhatsApp-тағы хабарламасы үшін өлім жазасына кесілді
Пәкістан соты WhatsApp мессенджері арқылы Құдайға тіл тигізді деген айыппен 22 жастағы студентті өлім жазасына кесті. Бұл туралы Indian Express жазады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Іс бойынша айыпталушылар 22 жастағы студент пен 17 жастағы жасөспірім екені нақтыланды. Біріншісі Мұхаммед пайғамбар мен оның әйелдерін қорлайтын сөздер жазылған фото және видео жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Ал екінші жігіт контентті таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Шағымды Пәкістан Федералдық тергеу агенттігінің киберқылмыспен күрес бөлімі 2022 жылы алған. Шағымды үш түрлі ұялы телефон нөмірінен фото және бейнематериалдар алған жергілікті тұрғын жазған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек