Ұлыбританияның 22 жастағы тұрғыны Кортни Стокс жұмыстағы қатты күйзелістің салдарынан тосын жерден жүрегі тоқтап қалған. Оның оқиғасын Metro басылымы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Стокстың айтуынша, ол күні демалыста болған: ата-анасымен сөйлескеннен кейін ауладағы бақшаға шыққан, сол жерде кенет құлап қалған. Оның сөзінше, әкесі жедел жәрдем келгенше жасанды тыныс алдыру мен жүрекке жанама массаж жасап, соның арқасында аман қалған.
"Мен есімнен айырылдым, жеті минут бойы мені "жоқ"деп есептеуге болатын еді", - дейді ұлыбританиялық қыз.
Ауруханада оған митрал сақинаның дисфункциясы анықталған. Бұл - жүректегі аномалия, ол кенет жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ұстаманың алдын алу көбіне мүмкін бола бермейді, бірақ жұмыстағы стресс бұл үдерісті жылдамдатқан.
Ұлыбританиялық қыздың айтуынша, ұстамадан бірнеше күн бұрын ол жүрек соғысының жиілеуін және бас айналуды сезінген, әсіресе душ қабылдағанда бұл күшейе түскен. Алайда ол бұл белгілерді мазасыздықпен байланыстырып, елемей жүрген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!