АҚШ-тағы 22 жастағы жігіт қазір ауруханада ем қабылдап жүр. Оның басты арманы - ауыр дертті жеңу. Жігіт өз блогында бұл туралы ашық жазып, онкология мен терапия туралы айтып, өз тәжірибесін бөліседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай диагноз қойылды?
21 жасында оған "Ходжкинсыз лимфома", 4-саты диагнозы қойылды. Бұл - қатерлі гематологиялық ауру, онда иммун жасушаларының дұрыс жұмыс істемейтін түрлері лимфа түйіндерінде және басқа да мүшелерде жиналады. Лимфома сатысы зақымданған лимфа түйіндері мен ағзалардың санына байланысты анықталады.
Осы ауруға тән белгілер:
- лимфа түйіндерінің үлкейуі,
- түнде қатты терлеу,
- кенет салмақ жоғалту,
- температураның жоғарлауы,
- ентігу,
- бүкіл дененің қышуы.
Бірақ бұл жігітте мұндай айқын белгінің көбі болмады. Оның бірнеше жыл бойы мазасын алғандары мыналар еді:
- мойын мен арқаның созылмалы ауруы,
- себепсіз жүрек айнуы,
- тұрақты шаршау,
- іштің ауыруы мен диарея,
- тізесінің жиі дірілдеуі,
- бітпейтін тұмау тәрізді мұрыннан су ағуы.
Шынайы себеп қалай анықталды
Жігіт іштің ауыруы күшейген соң дәрігерге барған. Тексеру кезінде дәрігерлер ішегінен 5 см-лік ісік тапқан. ПЭТ-сканерлеу мен колоноскопиядан кейін нақты диагноз қойылды - 4-сатыдағы Ходжкин емес лимфома.
"Қанша қиын болса да, бұл тәжірибе мені мүлде өзгертті. Басқаларды жігерлендіргім келеді. Егер түсініксіз белгілер болса, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. Бұл рак дегенді білдірмейді, бірақ денсаулығыңызды ертерек тексеру - әрдайым дұрыс шешім", - дейді жігіт.
Қазір оның жағдайы
Ол бір жылдан бері ем қабылдап жүр. Қазір 8 курс химиотерапиядан өтті, нәтижелері жаман емес - дерт уақытша шегінген. Жігіт күш-қуатын арттыру үшін спортзалға бара бастады. Оның мақсаты - тұрақты ремиссияға қол жеткізіп, қалыпты өміріне қайта оралу.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек