217 млн теңге: Шымкентте жүкті әйелдердің атына заңсыз әлеуметтік төлем рәсімделген

Шымкентте жүкті әйелдердің атына заңсыз әлеуметтік төлем рәсімделген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокуратура У.-дың заңсыз әрекетін әшкерелеген. Ол жеке кәсіпкерлердің электрон цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорынға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталған.

"Осыдан кейін ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлем рәсімдеп, қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, әрі қарай тергеп-тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!