- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 215 миллион теңге...
215 миллион теңге жиналған: Астанада Sincere Systems қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Астанада қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
"ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келді. Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды. Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды", - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 миллион теңге болған. Сот үкімі бойынша Sincere Systems ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе ҚМА call-орталығына хабарласыңыз", - дейді ҚМА өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан