21 наурызда елдің бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 наурызда елдің бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауатынын, көктайғақ болатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қарағанды облысында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші екпіні 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысында шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!