Қонаев қаласының соты Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кімдер сотталды?
К.К. Шүкен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал М.С. Үрәтбек 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
21 млрд теңге түскен
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті соталды тергеп-тексеру барысында пирамида 8 мыңнан аса салымшыны тартқанын, ал салынған қаражаттың жалпы көлемі 21 млрд теңгеден асқанын анықтаған.
Схема қалай жүзеге асқан?
Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен көлікті тиімді шарттармен, яғни пайыз төлемей және кейін бөліп төлеу арқылы сатып алуды ұсынған. Олар қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастыру мақсатында бақылауындағы заңды тұлғаларды - "Алло, не керек" ЖШС, I M@RKETING ЖШС, Gold SapaPremium ЖШС-ны пайдаланып, көп деңгейлі схеманы іске асырған.
Жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден аса қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сотталғандар тартылған қаражат есебінен 2 пәтер, Lexus маркалы 3 көлік сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова