Блогер Damelya Sweet Алматыда 22 жасын дүркіретіп тойлады. Оның туған күнінде болған қызық сәттері Instagram Stories-терде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал блогер, әнші, актриса Damelya Sweet 8 қыркүйекте 22-ге толды. Бірақ достары мен жақындарына туған күн кешін 12 қыркүйекке жоспарлаған. Ол бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті.
Damelya Sweet туған күн кешінде 3 көйлек ауыстырды. Ал бірінші көйлегін 21 миллионға алғанын айтты.
Туған күн кешіне танымал блогерлер, әншілер мен тиктоклер келді. Олардың ішінде әнші 2RAR, Мирас Жүгінісов, Sabirkin, Жансерік Қадырбаев, Арман мен Карина Юсуповтар болды.
Блогер туған күн мерекесінің бүге-шүгесіне дейін ойластырған. Ол туған күнге шақырылған қонақтардан "ақ алтын" дресс-кодында киініп келуді сұраған, тіпті мереке өткен жер де осындай стилде безендірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!