- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 21 қызылордалық жедел...
21 қызылордалық жедел ішек инфекциясын жұқтырған
Жаз басталғалы 21 қызылордалық жедел ішек инфекциясына шалдыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова қауын-қарбызды сақтықпен, мөлшерімен жеуге кеңес беріп отыр.
"Жазда аурудың өршуіне бірнеше себеп бар. Ыстық күнде тамақ тез бұзылады. Қазір қарбыз құрамында нитрат, гербицид, пестицид шамадан артық. Жеміс-жидек, қауын-қарбызды сақтау және жеткізу ережесі де осы кезде жиі бұзылады", - деді ол.
Қарбызды жеудің өз нормасы бар: күніне ересектер үшін 500, 4-6 жастан асқандарға 150 грамм болуы қажет. Мамандардың пікірінше, 2 жасқа толмайынша балаға қарбыз бермеген дұрыс.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz