Полиция 20 жылдан аса уақыт бұрын жасалған қылмысты ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2005 жылы Астанада ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар сүйегі табылған. Айғақтар болмауына байланысты қылмыс сол кезде ашылмаған.
Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.
"Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамызда күдіктілер ұсталып, кінәсін мойындады. Қазір екеуі де қамауда. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова