Нахчыван Автономиялық Республикасында 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі oxu.az сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс Гарабаглар ауылында жасалған. 21 жыл бұрын өлген ер адамды әйелі өлтірген болып шықты. Ішімдікке әуес болған ер адам әйеліне жиі қол көтеріп жүрген. Қайғылы оқиға болатын күні ер адам үйіне мас болып келген. Әйелі Халима Керимова екеуінің арасында жанжал туған. Осылайша ер адам әйелін соққының астына алған. Әйел сыртқа қашып, артынан күйеуі де атып шыққан. Халима Керимова қолына түскен тасты алып, күйеуінің басынан бірнеше рет ұрып тастайды. Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Артынша әйел адам күйеуінің денесін есік алдындағы құдыққа лақтырып жіберген.
Кейіннен Халима Керимова жақындары мен туыстарына күйеуі Мухаммед Керимов Түркияға оқуға кеткенін, ол туралы ақпарат жоғын айтқан.
Бұл қылмыс туралы Керимовтердің балалары ғана білген. Қылмыстың ашылуына Халима Керимованың күйеуімен ажырасуы себеп болған. Ер адам енесі күйеуін өлтіргенінауыл тұрғындарына жайып салған.
Артынша прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері келген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!