- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 21 желтоқсанда Қазақстанның...
21 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні - 18 м/с.
Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан