- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 21 жастағы алматылықтан...
21 жастағы алматылықтан нәрестенің басындай жылауық алынды
Алматылық хирургтар кіші жамбастан көлемі нәрестенің басындай болатын үлкен жылауықты алып тастады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына Түркістан облысынан "Пресакральды жылауық" (тік кішек маңындағы ісік) диагнозы бар 21 жастағы науқас келді. №7 қалалық клиникалық аурухананың колопроктология бөлімінің меңгерушісі Марат Қаленбаевтың айтуынша, бұл жылауық ерекше, көлемі өте үлкен, 18-ден 16 см дөңгелек пішінді, кіші жамбас аумағында орналасуымен, белгіссіз ағыммен өскен. Жылауық табиғи жолмен ішті босатуға кедергі келтірген, жас қыз тік ішек аумағында тұрақты айқын байқалатын қолайсыздықтан қиналған.
Жіші жамбас жылауығы – бұл діңшек пен тік ішектің арасында орналасқан кіші жамбас кеңістік аумағында орналасқан аномальды қуыс немесе қалталар. Бұл патология өте сирек кездесетін патология, мұндай пациенттер 40 мың адамның ішінде 1 рет кездеседі. Әдетте, МРТ-да немесе кіші жамбас ағзаларының УДЗ-де, өлшемі 2 см және одан сәл үлкен болатын жылауықтары кездеседі, ал бұл жағдайда аномальды жағдай көлемі өте үлкен», – деді тәжірибелі хирург-колопроктолог Марат Әлңбекұлы Қаленбаев.
Хирург әрі қарай құймышақ байламын алып тастаумен, кіші жамбас аумағына өте күрделі операция сәтті жасалғанын айтты. Дәрігерлер бір операция арқылы жылауықты алып тастады. Жоғары білікті хирург-проктологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың және тәжірибелі операциялық мейірбикелердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің арқасында жүргізілген операцияның техникалық күрделілігі мен тік ішектің айналасындағы май қабатының іріңдеуге бейімділігін ескере отырып, асқынулардың алдын алды. Айта кетейік, бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды.
Қазір пациент ауруханадан шығуға дайындалуда. Дәрігерлер халыққа медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттігі туралы ескертеді, өйткені хирургиялық емдеу болмаған кезде параректальды талшықтың іріңдеуі, тік ішек жыланкөзінің пайда болуы, зәр шығару және дефекация функцияларының бұзылуы сияқты асқынулары бар преакральдық жылауық қауіпті. Аурудың ұзақ созылуы невралгияның, неврит, анемия секілді аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина