Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды. Мәміленің аяқталуы өңірдің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында расталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Байқау қазанның соңында жарияланды, келісімшартқа 9 желтоқсанда қол қойылды.
Мәміле сомасы 20,7 млн теңге. Келер жылы билік автономды қазандықпен терминал салуды бастауды және ұшу-қону жолағын қайта құруды жоспарлап отыр.
Арқалық әуежайынан Астана мен Қостанайға ұшуға болады деп күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет басшысы Арқалыққа жаңа әуежай салына ма деген сұраққа жауап берген еді.