2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 2 миллионнан асатын тағы бір қала пайда болады

2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 2 миллионнан асатын тағы бір қала пайда болады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің пікірінше, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды қарқынды түрде дамыту қажет.

"Бұл салада нақты атқарылған жұмыс жоқ деп айтсақ, қателеспейміз. Ал қазір туризм - инвестициялық тартымдылықтың өте маңызды бөлігі.   Бас жоспарға сәйкес 2050 жылға қарай қала халқының саны екі миллионнан асып кетуі мүмкін, әбден ықтимал. Мұндай өсім инженерлік желімен қатар әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіретіні анық", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазір Алатауда жаңа әлеуметтік нысандар өте аз.

"Соған қарамастан кәсіпкерлер бұл инфрақұрылымға қаржы салуға дайын.   Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес және қала әкімшілігі инвестицияны қайтарудың әдіс-тәсілдері мен мерзімдері айқындалған нақты ережелер әзірлеуге тиіс. Бұл құжатта өзара жүктеме әділ бөлініп, барлық сын-қатер ескерілуі керек", - деді Президент.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget