Buzzfeed порталында блогерлердің бірінің Алматының 2045 жылға дейінгі дамуы туралы жазған мақаласы пайда болды. Автордың болжамы бойынша, ол уақытқа дейін қала оңтүстіктен солтүстікке дейін 60 шақырымға созылады, ал халқының саны 6 миллионнан асады. Үйлер жер сілкінісінде зақымданбайтын болады, ал Қапшағай су қоймасында электр қуатын шығаратын және маңайдағы егістікті суаруға арналған күмбез пайда болады.
Мақалада автор Алматы тұрғындарының 2025, 2035 және 2045 жылдары қалай өмір сүретінін сипаттайды. Оның ойынша, 10 жылдан кейін қаладағы биік дуалдар жойылады. Оған қылмыстың төмендеуі мен Алматының келбетін жақсарту қажеттілігі себепші болады.
Дереккөзі:kaz.tengrinews.kz