Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елордада 2038 жылға дейін Астанада су мәселесі толық шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде Астанада су тапшылығы жоқ. Қалаға сағатына 80 мың м3 су келіп жатыр. Жобалау жұмыстары техникалық-экономикалық негіздемеден өтті. Нәтижесінде, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан тағы 210 мың м3 су тартылады деп жоспарланып отыр. Осылайша, №4 сорғы станциясы салынады. Сонымен қатар Нұра жерасты су кен орнынан 40 мың м3 су тартылады. Жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ерсін Өтебаев Мәжілістің комитет отырысында.
Елорда әкімі орынбасарының пікірінше, бұл су мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.
"2028 жылға дейін су мәселесін уайымдауға негіз жоқ. Жоғарыда аталған 3 жоба іске асырылса, 2038 жылға дейін су мәселесі толық шешіледі", - деді басшы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!