2027 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңге болады?

2027 жылы бакалавриат, магистратура студенттерінің стипендиясы қанша теңге болады? Бұл сауалға Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік стипендия мөлшері өзгермейтінін, 2025-2026 жылдардағы деңгейде қалатынын хабарлады.

Студенттер мына мөлшерде стипендия алады:

  • бакалаврлар - 52 372 теңге;
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер - 84 000 теңге;
  • магистранттар - 117 098 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша магистранттар мен резидентура дәрігерлері - 134 664 теңге;
  • докторанттар - 262 500 теңге.

Өте жақсы оқығандар қанша теңге алады?

Аралық аттестация қорытындысы бойынша өте жақсы баға алған бакалавриат, магистратура студенттері жоғарылатылған стипендияға ие болады.

Базалық стипендияға 15 пайыз қосып есептегенде, оның мөлшері мынадай болады:

  • бакалаврлар - 60 228 теңге;
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер - 96 600 теңге;
  • магистранттар - 134 663 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистранттар мен резиденттер - 154 864 теңге.

Сондай-ақ, мына санаттарға жоғарылатылған стипендия қарастырылған:

  • көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар студенттерге базалық стипендияға 75 пайыз қосылады;
  • жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 30 пайыз қосылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!