2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда құжат рәсімдеу қымбаттады: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төлқұжат пен жеке куәлік:
- 16 жасқа дейінгі балалар төлқұжаты (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК), бұрын 15 728 теңге болған.
- 36 беттік төлқұжат – 34 600 теңге (8 АЕК), бұрын 31 456 теңге.
- 48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге (12 АЕК), бұрын 47 184 теңге.
- Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). Бірақ алғашқы рет алған кезде және мерзімі бітіп ауыстырғанда тегін беріледі.
Егер жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтсаңыз, 4 325 теңге (1 АЕК) төлеу қажет болады.
- Жүргізуші куәлігі енді 5 406 теңге (1,25 АЕК) тұрады.
Неке қию және ажырасу
- Неке туралы куәлік – 4 325 теңге (1 АЕК).
- Ажырасу – 8 650 теңге (2 АЕК).
Туу туралы куәлік бұрынғыша тегін, бірақ қайтадан алу керек болса (мысалы, жоғалтып алсаңыз) 2 163 теңге (0,5 АЕК) төленеді.
Құжаттарды кімдер тегін рәсімдей алады?
Кейбір азаматтар құжаттарды тегін ала алады. Олар:
- Ел қаһармандары және жоғары мемлекеттік марапат иелері;
- Құрметті атағы бар көпбалалы аналар;
- Соғыс ардагерлері және ұрыс қимылдарына қатысушылар;
- Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларының ата-аналары;
- Әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
- Жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар;
- Чернобыль апатынан зардап шеккендер.
Сондай-ақ, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда АЕК пен күнкөріс минимумы өзгеріп, салықтар мен айыппұлдар өсті, зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар көбейді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ережелері және мобильді аударымдарға салықтық бақылау талаптары жаңарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!