2026 жылы магнит дауылы қашан болады? Ескерту жасалды

2026 жылы магнит дауылы қашан болады? Ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

2026 жылғы алғашқы магнит дауылы 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Толығырақ мәліметті ИКИ РАН-ның Күн астрономиясы зертханасы айтты. Ғалымдардың дерегінше, 31 желтоқсанда M7.1 деңгейіндегі жеткілікті күшті күн жарқылы болған.

"Жарқыл массаның шығарылуымен қатар жүрді, оның бір бөлігі Жер бағытына қарай бағытталған. Есептеулерге сүйенсек, бұл 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні жылдың алғашқы айқын магнит дауылына себеп болады. Дауыл деңгейі G2-ге дейін (орташа құбылыс) болады деп болжанып отыр. Ал G3 және одан жоғары күшті дауыл ықтималдығы шамамен 30 пайыз", - делінген ұйымның сайтындағы хабарламада.

Жалпы алғанда, ғалымдардың айтуынша, қаңтардың алғашқы күндеріне арналған геомагнит болжам әзірге жеткілікті түрде қолайлы. Болжамды едәуір өзгертуі мүмкін фактор - жаңа күшті күн жарқылдарының болуы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget