2026 жылы Қазақстан азаматтары қалай демалады?

2026 жылы Қазақстан азаматтары қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келер жылы 119 демалыс күні және 246 жұмыс күні бар.

2026 жылғы мерекелер мен демалыс күндері

  • Жаңа жыл - 1-2 қаңтар. Демалыс - 1-4 қаңтар аралығы.
  • Рождество - 7 қаңтар (сәрсенбі).
  • Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз жексенбіге түседі, демалыс 9 наурызға ауысады.
  • Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз. Ең ұзақ демалыс: 21-25 наурыз аралығы.
  • Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамыр (жұма).
  • Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр (бейсенбі).
  • Жеңіс күні - 9 мамыр сенбіге түседі, демалыс 11 мамырға ауысады.
  • Құрбан айт - 27 мамыр (алдын ала белгіленген күн).
  • Астана күні - 6 шілде (дүйсенбі).
  • Конституция күні - 30 тамыз - жексенбі, сондықтан демалыс 31 тамызға ауысады.
  • Республика күні - 25 қазан, үш күндік демалыс.
  • Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан (сәрсенбі).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!