2026 жылы ең көп грант бөлінген мамандықтар қайсы?

2026 жылы ең көп грант бөлінген мамандықтар қайсы?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантын бөлу аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, биыл да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламасы бойынша шамамен 75 мың білім гранты бөлінген. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлерден 127 мыңға жуық өтініш түскен.

Министрлік мәліметінше, гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық бағыттарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20 пайызы өзге білім беру бағыттарына бөлінген.

Биыл талапкерлер арасында ең танымал мамандықтар қатарында:

  • аударма ісі;
  • халықаралық қатынастар;
  • құқық;
  • психология;
  • қаржы;
  • педагогикалық бағыт болған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ең жоғары конкурс болашақ аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтар мен педагогтарды даярлайтын білім беру бағдарламаларына түскенін айтты.

Білім грантын тағайындау нәтижесі 7 тамызда сағат 15:00-де жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget