Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Негізгі көрсеткіш: 2026 жылы инфляция 10 пайызға жетуі мүмкін.
Серік Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,4%, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3% болады.
"Республикалық бюджеттің кірісі 2026 жылы 19,2 трлн теңгеге, 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр", - деді ол.
Шенеуніктің сөзінше, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 млрд теңге мөлшерінде айқындалған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда инфляция бойынша болжамдар қайта қаралды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз