Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімі мен демалыс кезеңдерін айқындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші тоқсан
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Екінші тоқсан
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді. Бірінші сынып оқушыларына 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Сондай-ақ, 9 (10) және 11(12)-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімі бекітілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова