2025 жылы ұрпақ өзгереді: Alpha-ның орнына Beta келеді

2025 жылдан бастап 2039 жылға дейін дүниеге келген балалар бета-буынның өкілдері болады. Әлеуметтік зерттеуші және футуролог Марк МакКриндл олар қандай қиындықтарға тап болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.

Бета буыны 2010-2024 жылдар аралығында дүниеге келген Альфа буынының өкілдерін ауыстырады.

Оған дейін Z буыны немесе 1996-2010 жылдар аралығында дүниеге келген зумерлер және Y буыны немесе 1981-1996 жылдар аралығында дүниеге келген миллениалдар болды.

Балалардың жаңа буыны "үлкен әлеуметтік мәселелермен күресетін әлемді мұра етеді", - деп жазды әлеуметтік зерттеуші және футуролог Марк МакКриндл.

"Климаттың өзгеруін, халықтың жаһандық көші-қонын және қарқынды урбанизацияны ескерсек, тұрақтылық арман болып қалады", - деп жазды МакКриндл.

МакКриндл сонымен қатар 2035 жылға қарай бета-буын әлем халқының 16 пайызын құрайтынын және жасанды интеллект басқаратын әлемде өмір сүретінін айтты.

"Бета ұрпағы жасанды интеллект пен автоматтандыру күнделікті өмірге, яғни білім мен жұмыс орындарынан бастап денсаулық сақтау мен ойын-сауыққа дейін толығымен енгізілген дәуірде өмір сүреді", - деп түсіндірді ол.

МакКриндл сонымен қатар бета буынының ата-аналары (негізінен Z буынының өкілдері) әлеуметтік желіні қолдануға өздерінен бұрынғы буындарға қарағанда басқаша көзқараста болуы мүмкін деп болжады.

"Көптеген миллениал ата-аналар балаларының өмірін құжаттау үшін әлеуметтік желіні пайдаланғанымен, Z буыны бала кезінен бастап әлеуметтік желіні пайдаланудың жағымды жақтары мен қиындықтары туралы көбірек біледі", - деді ол.

Z буынының ата-аналары балаларының экран уақытын шектеу олар үшін бірінші кезектегі міндет екеніне келіседі деп санайды маман.

Буындар зерттеушісі Джейсон Дорси бета буыны пандемиядан кейінгі әлемде дүниеге келетінін және бұл туралы олар тарих сабағынан білетінін атап өтті.

Бета буыны дауыс беруге жеткілікті жасқа жеткенде, X буыны немесе 1965-1980 жылдар аралығында дүниеге келгендер биліктегі демографиялық топқа айналады, ал климаттың өзгеруі сияқты тақырыптар өткір мәселелерге айналады дейді әлеуметтік зерттеуші.

Оқи отырыңыз: Бумерлер, зуммерлер және миллениалдар жайлы не білу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!