2025 жылы тұрғын үй нарығы қалай өзгермек? Krisha.kz сарапшылары Massaget.kz тілшісіне былтыр тұрғын үй бағасы қалай өзгергенін анықтап, биыл не күту керегін бөлісті.
Қайдан тұрғын үй сатып алу қымбат және арзан?
Ең қымбат 3 қаланың тізімі өзгеріссіз қалды:
- Алматы - тұрғын үй бағасы бойынша көшбасшы. Бір шаршы метрдің орташа бағасы шамамен 745 мың теңге болды. Қала бизнес орталығы мәртебесінің арқасында инвесторларды, студенттер мен мамандарды тартады.
- Астана - екінші орында. Мұндағы алаңның орташа құны шамамен 513 мың теңге. Қаланың белсенді дамуы өзіне жаңа тұрғындарды тартып жатыр.
- Шымкент - бір шаршы метр үшін 432 мың теңге.
Ең қолжетімді жылжымайтын мүлік мына қалаларда:
- Қызылорда - ең төменгі орташа бағамен бір шаршы үшін 244 мың теңгемен көш бастап тұр.
- Тараз - екінші орында. Бір шаршы метрге шамамен 301 мың теңге.
Сарапшылар 2024 жылды ипотека жылы деп атады.
"Былтыр елдегі ипотека үшін бетбұрыс болды. Жаңа бағдарламалар пайда болды, ескі бағдарламалардың ережесі өзгерді. 2025 жылы бізді одан да көп өзгерістер күтіп тұр", - деді олар.
Сонымен қатар Krisha.kz сарапшылары 2025 жылға арналған болжам жасады. Мәселен:
- Елде жаңа тұрғын үй тапшылығы күшейеді, әсіресе Астана, Алматы және Шымкентте;
- Тұрғын үй бағасы жоспарлы түрде өсе береді;
- "Қала ішіндегі қала", яғни тұрғын үй саны тым көп тұрғын үй кешендерінің саны артады;
- Қазақстандықтар үшін ең танымал баспана ретінде 60 шаршы метрге дейінгі пәтерлер қалады;
- "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының қолжетімділігі төмендейді, ал "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары оның елеулі бәсекелестеріне айналады.
- Банктер мен құрылыс салушылардың бірлескен ипотекалық бағдарламалары көбейеді;
- Исламдық ипотека іске қосылуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә