- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2025 жылы тек...
2025 жылы тек үш айда мерекелік демалыс берілмейді
Қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жыл демалыспен аяқталып, 2025 жыл бірден демалыстан басталады.
Жаңа жыл кезінде қазақстандықтар 30 желтоқсан, дүйсенбі күні жұмыс істейді. Ал 31 желтоқсан, сейсенбі күні және 1-2 қаңтар күндері қатарынан демалады. Содан кейін 3 қаңтар, жұма күні бір күн жұмыс істеп, сенбі-жексенбі тағы екі күн демалады. Осылайша, жылды қатарынан келетін демалыс күндермен бастайды.
Жалпы 2025 жылы үш айда мерекелік демалыс берілмейді. Олар: ақпан, сәуір және қараша. Бұл үш айда қазақстандықтар тек әдеттегі демалыс күндерімен шектеледі.
Ал наурыз айының шамамен жартысында қазақстандықтар жұмыс істемейді. 8 наурыз сенбі күніне түскендіктен, 10 наурыз дүйсенбі күні тағы демалыс болады. 8-9-10 наурыз – үш күн қатарынан демалыс деген сөз.
Наурыз айындағы демалыс мұнымен бітпейді. Наурыз мерекесінде қатарынан бес күн демалыс болады: азаматтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз жұмысқа шықпайды.
Айта кетейік, 2025 жылы мамыр мерекелері қысқа болады. Қазақстандықтар 1, 7 және 9 мамыр күндері демалады.
Маусым айында сенбі-жексенбіден бөлек, қосымша бір күн демалады. Ол 6 маусым – Құрбан айт мерекесі.
Шілдеде Астана күні жексенбіге түсетіндіктен дүйсенбіге ауыстырылады. Сондықтан мерекелік аптада үш күн демалыс болады. Демек, азаматтар 6-8 шілде үш күн қатарынан демалады.
Тамызда да бір мереке бар. 30 тамыз – Конституция күні, жексенбіге түсетіндіктен қазақстандықтар дүйсенбі, 1 қыркүйекте қосымша демалыс алады.
Қыркүйекте 1 қыркүйек мерекесінен басқа тек әдеттегі демалыс күндері ғана болады.
Қазанда қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, себебі 25 қазан Республика күні сенбіге түсіп, 27 қазан дүйсенбі тағы бір қосымша демалыс күні пайда болады.
Желтоқсанда, Жаңа жылдан бөлек, бір мереке – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, сейсенбіге түсіп тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева