Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда жоғалып бара жатқан мамандықтарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство Tengrinews.kz сұрауына берген жауабында Жаңа мамандықтар атласын негізге алған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, жойылып бара жатқан мамандықтарға 16 мамандық жатады.
Болжам бойынша, 2025 жылы Қазақстанға бұл салада тамақ өнімдерін өндіруде буып-түюшілер, жем-шөптер берушілер, сұрыптаушылар, ет өнімдерін орайтындар (қолмен) және ет өнімдерін буып-түюшілер қажет болмайды.
Бұл салада 2025 жылы сызбашыларға қажеттілік жоғалады: 2030 жылы - шатыршылар, оқшаулағыштар және сылақшыларға, ал 2035 жылға қарай - құрылысшы-монтажшылар мен онымен байланысты жұмысшы кәсіптерде.
Бұл салада 2025 жылы нормалаушыларға, тексерушілерге және визуалды ақпарат жинаушыларға сұраныстың болмауы болжанады. 2030 жылы люкші, бульдозер машинистері және сепараторлар мамандықтары өзекті болмайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!