Кез келген жұмыс істейтін адам еңбек демалысын асыға күтеді. Алайда еңбек демалысы ойдағыдай өтуі үшін оны алдын ала жоспарлау және оны дұрыс рәсімдеу маңызды. 2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Толығырақ Massaget.kz материалында.
2025 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай:
2025 жылы ең ұзақ демалыс күндері наурыз және мамыр айында бар.
Еңбек демалысы жұмыс күндерімен емес, күнтізбелік күндермен есептеледі: еңбек демалысындағы демалыс күндер соның ішіне кіріп кетеді, бірақ демалыс күндерге ақша төленбейді. Алайда ресми мереке күндер саналмайды да, еңбек демалысы созылады.
Еңбек демалысын аларда ұзағырақ демалғыңыз келе ме немесе көбірек ақша алғыңыз келе ме, шешіп алыңыз. Шешіміңізге қарай еңбек демалысына шығу керек ай да өзгереді.
Көпшілік адам еңбек демалысына шығар кезде оның барынша ұзақ болғанын және тағы да қолданылмаған күндер қалғанын қалайды. Ұзағырақ демалу үшін еңбек демалысын мерекелер көп айда алу керек. Қазақстанда ең көп мереке болатын айларға наурыз (5 мерекелік күн), қаңтар (4 мерекелік күн) және мамыр (3 мерекелік күн) жатады.
Алайда бұл айларда еңбек демалысына арналған ақша аз түседі. Егер сіз үшін еңбек демалысының күндері маңызды болса және барынша ұзағырақ демалғыңыз келсе, наурыз, мамыр, желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басына жоспарлаған жөн. Мерекелік күндер еңбек демалысын толықтыратындай болуы керек. Егер еңбек демалысында мерекелік күндер болса, еңбек демалысы сол күндерге ұзартылатынын біле жүріңіз.
Егер демалғыңыз келсе және қаржылық жағынан қиналып қалғыңыз келмесе, еңбек демалысын жұмыс күндері көп, ал демалыс күндері аз айда алу керек. 2025 жылы Қазақстанда сәуір (22 күн), шілде (22 күн), қазан (22 күн) және желтоқсан (22 күн) айларында жұмыс күндері көп.
Сондай-ақ егер қандай да бір жобаны аяқтағаныңыз үшін жақын арада сыйлықақы түсетін болса, еңбек демалысына сыйлықақы түскеннен кейін шыққан дұрыс. Себебі оны есеп кезінде ескереді де, еңбек демалысына арналған ақша көбірек болады.
Ал егер жақында жалақыңызды көтерген болса, бірден еңбек демалысына шығу тиімсіз. Себебі еңбек демалысыңызды соңғы бір жылдағы жалақыңызды, яғни бұрынғы жалақыңызды есепке ала отырып есептейді.
Оқи отырыңыз: Еңбек демалысына берілетін ақыны қалай есептейді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!