Президенттің 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жұмысы биылғы қараша айында басталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл шешімді күтпестен Аграрлық несие корпорациясы 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бастайды. Қазірдің өзінде 500-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер келіп түсті. Қаражат екінші деңгейдегі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық кредиттік корпорацияның өзі арқылы фермерлерге қолжетімді болады", - деді Азат Сұлтанов.
Айта кетейік, 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Аталған көлемде қаражатты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта 2025 жылға арналған бюджет жобасында 45 млрд теңге көзделген. Биылғы желтоқсан айында қаржыландыруды бастау туралы Президенттің тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, ол Үкімет отырысының қарауына шығарылды. Сондай-ақ үкімет резервінен "Продкорпорация" арқылы қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!