2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жарлығысына сай Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Мұнда Қазақстанның әр саладағы даму жоспары жазылған. Соның ішінде Қазақстандағы ақпарат қолжетімдігі, сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, қоғамдық сана туралы біршама реформа мен саяси қадамдар бар.
Ақпараттың қолжетімдігін арттыру
Мемлекет көрсететін қызметтерде және мемлекеттік органдардың жоспары, қызметіне қатысты барлық ақпарат ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Мұнда ақпаратты ұсыну мен таратудың "Ашық Үкімет" порталы мен әлеуметтік желі сияқты алаңдарды пайдаланылуы керек. Үкімет порталы халықпен кері байланысты жеңілдетуге, деректерді өзекті етуге және визуалдандыруды автоматтандыруға және неғұрлым сапалы, әлеуметтік маңызы бар талдаманы ұсыну үшін жетілдірілетін болады.
Сөз бостандығы мен БАҚ-ты дамыту
БАҚ қоғам мүддесін қорғайтын рөлді атқара алуы үшін ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сай ақпарат құралдарының ақпаратқа қол жеткізуін және пікірін еркін білдіруін, журналистік тергеп-тексеру және басқа кәсіби жұмысы кезінде журналистерді және БАҚ-ты қорғауға кепілдік беруді қамтамасыз ету қажет. Этика, БАҚ-ты ырықтандыру, кәсібилік деңгейін көтеру және оның ашықтығы үшін БАҚ бәсекелестік қолдау табады, ол тәуелсіз ақпараттық ресурстарды және халықаралық Мемлекеттік органдар басшыларының жұртшылыққа есеп беру практикасы одан әрі дамытылады.
Қоғамдық сананы жаңғырту реформасы
Бұл реформа өз болашағына, Қазақстан болашағына жауапкершілік сезінетін ұрпақ тәрбиелейтін, мықты, еліне адал адамдардан құралған біртұтас ұлтты қалыптастыруға, азаматтардың жеке бәсекеге қабілетті әрі прагматизмін арттыруға бағытталған. Ұлттық мәдениетті дамытуға және экстремизмнің алдын алуға ерекше назар аударылған.
Реформаның мәніне үңілсек, өмірге прагматикалық көзқарасты қалыптастыру, "Жауапты азамат" бейнесін танымал ету, ұлттық бірегейлікті сақтау, салауатты өмір салтын танымал ету, бәсекеге қабілетті, қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау, отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу арқылы қоғамдық сана деңгейін көтеру көзделген.