ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегі Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы іс-шаралар жоспарын онлайн талқылап, тұжырымдама жобасына қатысты біршама мәселені ортаға салды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген еді. Осы уақытқа дейін тұжырымдама негізінде бірқатар іс-шара өтті, ендігі мақсат – тұжырымда бағдарламасына, жоспарына сәйкес іс-шараларды пысықтау. Азаматтық қоғамды дамыту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру 2020-2030 жылдарға жоспарланған. Бірінші кезең алғашқы 5 жылда өтеді, ал екінші кезеңі екінші 5 жылда, яғни 2025-2030 жылдары өтеді. Қазірге таңда министрлік бірінші 5 жылдықта жүзеге асатын шаралар кешенін дайындады. Шаралардың барлығы мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделіп отыр.
Талқылауда Қазақстанның әр өңірінде өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық қоғам өкілдері ойларын ортаға салды. Атап айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін, әдістері мен жолдарын сапалы жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды, министрлік бастамаларына қолдау білдірді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, аталған тұжырымдаманың мақсаты – азаматтық қоғамды және оның институттарын дамыту үшін жағдайлар жасау. Қазір мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды азаматтық бақылау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асыу жоспарланған. Өкілетті орган жобаның алғашқы нұсқасын жасап шыққан. Мадияр Қожахметтің айтуынша, жоспардағы мына бес бағыт бойынша 46 шара қарастырылады: азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық реттелуі, азаматтық белсенділікті қолдау, азаматардың азаматтық қоғамға белсенді қатысуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру және азаматтық қоғамды БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыруға тарту.
"Қазақстан медиаторлары қауымдастығының" директоры Жанділда Жақыповтың айтуынша, еліміздегі медиатив саясатқа баса назар аударып, халықаралық тәжірибені ескеру керек. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Елена Митрофанова азаматтық қоғам институттарының қызметін реттеуге, оларға деген сенім деңгейін арттыруға шақырып, Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғамды тартуға қатысты мәселелерді айтты.
Алдағы уақытта аталмыш іс-шаралар жоспарын мемлекеттік органдардың деңгейінде де талқылау жоспарланбақ.
Еске салайық, 2011 - 2019 жылдар аралығында аталған мақсатты көздеген мынадай нәтиже болды: үкіметтік емесе ұйымдардың сандық тұрғыдан өсуі қамтамасыз етілді, олардың әлеуметтік саясатты іске асырудағы қызметінің спектрі кеңейді, қоғамда ҮЕҰ-ның рөлін нығайту бойынша дәйекті саясат жүргізу драйверіне айналған V, VI, VII және VIII Азаматтық форумдар өткізілді, қоғамдық кеңестер арқылы қоғамдық бақылау нысандары енгізілді, көп партиялы Парламент жұмыс істеді, азаматтардың мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау процесіне қатысу тетіктері кеңейтілді, "ашық және есеп беретін үкіметті" қалыптастырудың құқықтық негіздері қаланып, іске асырылды. Сонымен қатар қоғамда бірқатар проблемалар назарға алында.