- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы болжамы
2025 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2025 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын Атлантикалық циклондар қалыптастырады, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.
Солтүстіктің жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасын аралас қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал.
Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон күтіліп отыр:
- Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы;
- республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендеу;
- елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендеуі;
- елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі.
Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:
- ҚР солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,
- елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.
Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
- солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,
- республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.
Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.
Ескерту: бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина