Қазақстанда жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылау кезең-кезеңімен жүріп жатқаны белгілі. 2025 жылдан бастап жаппай халық декларация тапсыра бастайды. Бұл не деген сөз? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Қазақстан Республикасы жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылауға мүмкіндік беретін кірістер мен шығыстардың жалпы салық декларациясы ұсынылған болатын.
Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатыр.
Яғни алдымен мемлекеттік қызметшілерден бастап, кейін барлық азаматтар қамтылады. Ең алдымен декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсыра бастады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырды. Содан кейін, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларация енгізіледі. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - азаматтардың қалған санаттары кірістерін жариялайтын болады.
Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, мұндай бақылау жүйесі көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған, сонымен қатар, бюджетке қосымша кірістердің түсуіне ықпал етеді.
"Сонымен қатар, салық салынатын базаны азайту мақсатында жеке тұлғалар әлеуметтік салық шегерімдерін қолдана алады. Бұл азаматтарға тиісті шығыстар болған жағдайда табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді", - деген еді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.
2025 жылғы декларация нақты кімдерге қатысты?
Жалпы 2025 жылы жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және тағы басқасы тапсырады. Бұл шамамен 6,9 миллион адам. Ал 2025 жылы 4 кезеңнің қорытындысы бойынша декларация тапсыратындар саны 13 миллионнан асады деп жоспарланып отыр.
Декларацияда не тапсыру керек?
Жеке тұлғаның берешегін декларациялау
Активтер мен міндеттемелер туралы "кіру" декларациясын толтыру кезіндегі шарттардың бірі - 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды көрсету. Яғни, азаматтар декларацияда басқа жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын көрсетуі керек. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың осы жеке тұлғаға қайтаруы тиіс қарыздары көрсетіледі. Салық кодексінің нормаларына сәйкес қарыз шарттары нотариалды куәландырылуға тиіс (СК 631-бабының 2-тармағы).
Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге жатпайды. Сонымен қатар, заңды тұлғалармен (микроқаржы ұйымдарын қоса алғанда) жасалған қалған шарттар декларацияда көрсетілуге жатады.
Енді тек қолма-қол ақшамен сауда жасаймыз ба? Маңызды сұрақтардың жауабы
Қолма-қол ақшаны декларациялау
Елдегі айналымда қолма-қол ақшаның болмашы көлемін ескере отырып, декларациялау кезінде әрбір азамат 34,5 млн теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын сомада қолма-қол ақшаны көрсете алады. Өзге ақшалай қаражаттың болуын екінші деңгейдегі банктер растайды.
Салық кодексінде банктердің салық органдарына салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді ұсыну міндеті көзделген (Салық кодексінің 26-бабы). Бұл талап Конституцияның нормаларына қайшы келмейді, себебі бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі (Конституцияның 18-бабының 2-тармағы).
Бағалы сыйлықтар, егер олар мынадай түрде алынса, декларацияланады:
Жануарлар мен құстарды декларациялау
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда азаматтар құны бірлігіне 3,5 миллион теңгеден (1000 АЕК) асатын асыл тұқымды жануарлар мен құстарды өз қалауы бойынша декларациялай алады. Мысалы, асыл тұқымды жылқы, экзотикалық жануар немесе құс.
Өз қажеттіліктерінде өсіретін немесе пайдаланатын жануарлар мен құстарды декларациялаудың қажеті жоқ. Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары бойынша мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдардан алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!