2025 жыл Қазақстанда 50-30 жыл жөндеу көрмеген жолдар жасалады

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жөндеу жүргізілмегеніне 30 жылдан 50 жылға дейін болған жолдар, Петропавл - Жезқазған (703 км), Қандыағаш - Шалқар (246 км), Жаңаөзен - Түрікменстан шекарасы (156 км), Қарағанды - Аягөз - Боғас (452 км) толық жөндеуден өтеді. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда - 91%-ды құрайды", - деді министр.

Өткен жылдары басталған ұзындығы 1,08 мың шақырым жобалардың: Қалбатау - Майқапшағай (405 км), Күрті - Қонаев (67 км), Қызылорда - Жезқазған (398 км) және Ұзынағаш - Отар (42 км) құрылысы жалғасып жатыр.

Министр мердігерлерді таңдау кезінде отандық компанияларға немесе шетелдік әріптестердің қатысуымен консорциумға артықшылық берілетінін, бұл қазақстандық құрылыс секторының одан әрі тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!