- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2024 жылы зергерлік...
2024 жылы зергерлік бұйым сататын орындар тексеріледі
Келесі жылдан бастап зергерлік бұйым сататын орындар тексеріледі. Бұл туралы СІМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет басшысы бүгінде зергерлік бұйымдарды сату өзекті мәселеге айналды дейді.
"Кез келген адам зергерлік бұйымдар сатып алады. Бірақ онда қазақстандық таңба болуға тиіс. Сатылатын зергерлік бұйымдардың сынамасы расталып әрі сараптамадан өтуі керек", - деді төраға ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Қуаныш Елікбаев бүгінде зергерлік бұйым сататын орындар талапты орындамай отырғанын жеткізді. Сондықтан комитет 2024 жылы кешенді тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.
"Қазақстанда тауар (зергерлік бұйым) сараптамадан өтпеген. Осындай 36 пайыз заңбұзушылық жойылды. Тауарлардың сынақтан өтпегені расталып, мемлекеттік органдарға хабар жіберілді. Нәтижесінде зергерлік бұйымдарды сату тоқтатылды. Бұған қарамастан зергерлік бұйымдарды сатушылардың 654 субъектісі талапты орындамады. Сондықтан келесі жылы кешенді тексеру жүргіземіз", - деді басшы.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек