- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2024 жылы Ұлттық...
2024 жылы Ұлттық қордан қанша қаржы алынбақ?
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт 2,2 триллион теңгеден аспайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылы Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімділігі бойынша оң өзгерістер байқалады. Мәселен, Ұлттық қордың активтері өткен жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 65,7 миллиард АҚШ долларға жетті", - деді Дәурен Темірбеков.
Вице-министрдің дерегінше, соңғы 3 жылда Ұлттық қор активтері осылай өсті:
1. 2021 жыл - 59,4 миллиард доллар (оның ішінде валюталық активтер - 55,3 миллиард доллар)
2. 2022 жыл - 57,9 миллиард доллар (оның ішінде валюталық активтер - 55,7 миллиард доллар)
3. 2023 жыл 65,7 миллиард доллар (оның ішінде валюталық активтер - 60 миллиард доллар).
"Кепілдендірілген трансферт 2022 жылы 4 триллион теңгеден 2023 жылы 2,2 триллион теңгеге екі есеге дерлік төмендеді. 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 триллион теңгеден аспайды деп жоспарланып отыр. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 6 919 131 балаға 100 доллар 52 центтен есептелді", -деді Темірбеков Сенатта өткен брифингте.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев