Жазда көпшілік еңбек демалысына шығады. Егер демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарласаңыз, сіз міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Massaget.kz тілшісі Еgov порталындағы мәліметтерге сүйене отырып, паспортты рәсімдеу бойынша нұсқаулық ұсынады.
2024 жылы Қазақстан Республикасы азаматының 36 беттік паспортын алуға мемлекетті баж - 8 МРП немесе 29 536 теңге, ал 48 бетттік - 12 МРП немесе 44 304 теңгені құрайды.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (ҚҚС-сыз бағасы):
Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін:
1-санатты жеделдік - 3372 теңге;
2-санатты жеделдік - 1771 теңге.
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
3-санат - 678 теңге.
Құжат жалпы тәртіпте - 15 жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) дайын болады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет-бейнесі көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің жиегі көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның униформада суретке түсуіне жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар және тұрғылықты жері бойынша тіркеудің бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз