- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2024 жылы орташа...
2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады?
Қаржы министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болмақ.
Заң жобасына сәйкес "жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін" деп қабылданды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы.
Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина