2024 жылы Қазақстанда неге тыйым салынады?, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елдегі өзгерістер мен талқыланып жатқан заң жобаларын тізіп көрді.
Биыл 21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу ұсынылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәліметінше:
Елімізде ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады, балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар, соның ішінде 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейпты тұрақты түрде шегеді. Энергетикалық және тәтті сусындарды ішуі - 17,5 пайыз, – деді ведомство басшысы.
Ол министрлік 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу қаралып жатқанын атап өткен еді.
Елімізде шенеуніктер мен әскерилерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін
Құжатта азаматтарға "Ойын бизнесі туралы" ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту ұсынылған.
Заңға өзгерістер енгізуге арналған құжат 28 тамызға дейін талқыланады.
"Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, оның ішінде қызметтік қажеттілікке байланысты баруды қоспағанда, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан тартыну ұсынылған", - делінген құжатта.
Елімізде мемлекеттік орман аумағындағы ағаштарды кесуге тыйым салынды
Құжат биыл 7 тамызға дейін көпшілік талқылауында болды.
Ашық НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.
Ағаштардың қурау және құрып кету қатерiн болдырмау мақсатында 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар ағаштарды басты қажеттілік үшін кесуге тыйым салынсын, - делінген Ашық НҚА портылында жарияланған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.
Вейпке тыйым салынады
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елде вейп сатуға толық тыйым салуды ұсынды.
"Олар барлық сауда нүктелерінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде де төмен бағамен сатылып жатыр. Орташа бағасы - 2000 теңге. Қаржы министрлігінің мәліметінше, никотинді тұтынуға арналған электрон құрылғылар нарығы 2020 жылдан 2022 жылға дейін 300 есеге өсті. Бұл өнімнің әкелу заңдылығы да күмән тудырады", - деді депутат.
Қазақстанда вейпке толық тыйым салу туралы шешім қабылданғанын тамызда үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев былай түсіндірді.
Заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатыр, олар оны ведомствоаралық комиссияға берді, біз оны қарадық. вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім сөзсіз қабылданды, – деп мәлімдеді Жамаубаев.
Қазақстанда "паранжа" мен "ниқаб" киюге тыйым салынуы мүмкін
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің кулуарында никабқа қатысыт заң нормасы жоқ екенін айтып,мәселенің әлі реттелмегенін айтады.
Біздің заңнамада никабқа тыйым салу нормасы жоқ. Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеді. Бетін тұмшалайтындар жайлы мәселені енді қараймыз. Себебі депутаттар осыны сауал ретінде жолдады, - деп айтты ведомство басшысы журналистерге.
Балаеваның айтуынша, бұл - ең алдымен ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
"Бұл тұрғыдан алып қарағанда никабтарға тыйым салған дұрыс", -деді Балаева.
Оқу-ағарту министрлігі заң тұрғысынан мектеп формасының мәселесін былай шешпек.
Заңдағы үш тармаққа өзгерістер енгізілген:
ҰБТ-ға қаламсап алып кіруге тыйым салынады
Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде болатын тағы бір жаңашылдықты жария еткен болатын.
Келесі жылдан бастап ҰБТ-да ереже бұзудың алдын алу мақсатында талапкерлерге тестілеуге қаламсап әкелуге рұқсат етілмейді.
Тестілеуге тек жеке куәлікпен кіргізеді. Сондай-ақ өзіңізбен су және шоколад алып кірсеңіз болады.
Айта кетейік, қалам мен қағазды тек тестілеу әкімшілері (кезекшілер) береді.
Алматыда 2024 жылы дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады
2023 жылы 1 430 бірлік экологиялық көлік жеткізіледі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 600 автобус пен 100 троллейбус. Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алатын болады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Аталған шаралар қоғамдық көлікті экологияландыру деңгейін осы жылдың өзінде-ақ 60 пайызға және 2025 жылға қарай 100 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!