2024 жылы мемлекеттік нөмері көрінбейтін көліктерге қанша теңге айыппұл салынады?

2024 жылы мемлекеттік нөмері көрінбейтін көліктерге қанша теңге айыппұл салынады?
Фото: видеодан алынған кадр

Қарлы, жаңбырлы ауа-райында көліктердің нөмірін қар немесе балшық басып қалып жатады. Сәйкесінше мемлекеттік нөмірлер көрінбей қалуы мүмкін. Бұл әсіресе алыс жолда жүрген жүргізушілерге қатысты. Ал мемлекеттік нөмір көрінбесе жүргізушіге қанша теңге айыппұл салынады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Мұндай көлік жүргізушілеріне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 1-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша айыппұл салынады. Әкімшілік жазаның мөлшері 17 250 теңгені құрайды. Сондықтан жүргізушілер айналасын қар басқан көліктерін тазалау қажет. Келесі жылдан бастап бұл айыппұлдың көлемі 19 мың теңгеге өспек. Ал егерде Әкімшілік құқықбұзушылық бір жылдың ішінде қайталанар болса темір тұлпар тізгіндегендер 69 000 теңге төлеуі тиіс. 

Сондықтан көлік нөмері жыл он екі ай техникалық талаптарға сәйкес анық көрінуі тиіс. Себебі жүргізушілер тек өзінің өміріне ғана емес, жанындағы адамдардың да өміріне, қала тұрғындарының қауіпсіздігіне жауап береді. Айта кетейік бейнебақылау камерасына түспейтін арнайы жабынды қолданғандарға да айыппұл салынады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов