Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы, Еңбек министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов Қазақстандағы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 626 жұмысшы зардап шекті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (518 жұмысшы) 20,8 пайызға көп, оның ішінде 79 адам қайтыс болды, бұл 29 пайызға артық. Былтыр осы кезеңінде (61 жұмысшы) көз жұмған еді", - деді Төлеген Оспанқұлов Қостанай облысындағы өндірістік жарақаттану мәселелеріне арналған кеңесте.
Оның айтуынша, Қостанай облысында (61 адам зардап шекті), Абай облысында (51 адам), Қарағанды облысында (44 адам) және Алматыда (42 адам) жарақат алу ықтималдығы жоғары.
Ел бойынша экономика салалары бөлінісінде кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар жұмыста жарақат алуға барынша бейім:
"Қостанай облысында ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарында тіркелді – 14 пайыз, машина жасау өнеркәсібінде – 9 пайыз. Сонымен қатар, жарақаттану деңгейі жоғары кәсіпорындардың бірі – Қостанай "Пайдалы қазбалар" АҚ осы кәсіпорында соңғы 5 жылда 11 адам зардап шекті, оның 1-і қайтыс болды", - деп толықтырды Оспанқұлов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!