Жыл басынан бері елімізде 54 сауда ғимараты пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жалпы ауданы 110,7 мың шаршы метр болатын 54 сауда ғимараты пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандардың нақты құны 48,1 млрд теңге", - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
Ең көп сауда үйі салынған аймақ - Түркістан облысы. Мұнда 18 нысан, ал Атырау облысында 6 нысан ашылған. Ал ең аз сауда үйі ашылған аймақ - Маңғыстау облысы. Мұнда тек бір сауда үйі пайдалануға берілді.
Айта кетейік, кеше Атыраудағы Baizaar сауда ойын-сауық орталығында өрт шығып, адамдар эвакуацияланғанын жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз