Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов 2024 жылы Қазақстан қанша тонна мұнайды өндіріп, қаншасын сыртқа сатуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биыл еліміз 95 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлаған.
"Бірақ мұнда жоспардан тыс кідіріс болды. Бүгінде 90 млн тонна мұнай өндіреміз деп отырмыз. 2024 жылы да 90 млн тонна мұнай өндіреміз. Дәстүрлі түрде 90 млн тонна мұнайдың шамамен 73-75 млн тоннасын экспортқа шығарамыз. Ішкі нарыққа 17-18 млн тонна мұнайды аламыз", - деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!