2024 жылы 14 миллионға жуық қазақстандық теміржол көлігін пайдаланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2024 жылы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 13,6 миллион жолаушы тасымалданды. Ең сұранысқа ие бағыттар ретінде Астана - Алматы, Астана - Шымкент, Алматы - Шымкент, Астана - Семей және Алматы - Семей анықталды. Ал жазғы маусымда 4,2 миллион жолаушы тасымалданды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ теміржол қызметінде шамамен 11 мың қызметкер еңбек ететіні белгілі болды. Олардың қатарында машинистер, жолсеріктер, кассирлер, слесарьлар, электромеханиктер және басқа да мамандар бар. Пойыз бригадаларының жалпы саны 4 735 адамды құрайды, оның ішінде 175-і - жолаушылар пойыздарының басшылары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!