2024 жылы фермерлер үшін су тарифі қымбаттайды

2024 жылы фермерлер үшін су тарифі қымбаттайды
Фото: pixabay.com

Келесі жылдап бастап Қазақстанда шаруалар үшін судың тарифі өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, суды нормадан артық пайдаланғандар қосымша ақша төлеуге тиіс.

"Біз министрлік құрылғаннан бері бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Қазіргі таңда барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Осыған байланысты судың тарифі көтеріледі деп айта аламыз. Ең алдымен бұл суды үнемдеуге байланысты. Суды нормативтен тыс пайдалану жаңа тариф бойынша төленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан судың жаңа тарифін енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді министр Орталық коммунициялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Нұржан Нұржігітов су тарифі көтерілуі тек фермерлерге қатысты екенін айтты.

"Жоқ, бұл (тұрғындар пайдаланатын - еск.) суға байланысты емес. Ол тек ауыл шаруашылығына байланысты", - деді ведомство басшысы.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz