2024 жылы Алматы облысында қанша бала өмірге келген?

Алматы облысында 2024 жылы 24 мыңға жуық бала өмірге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы Алматы облысында 24 мыңға жуық сәби дүние есігін ашты. Бұл көрсеткіш бойынша Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары алдыңғы қатарда тұр.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, аймақтағы перзентханалар үш деңгейлі медициналық көмек көрсетеді.

"Биыл Алматы облысында 12 139 ұл және 11 713 қыз бала дүниеге келді. Ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін дәрігерлер біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып отырады.

Сонымен қатар Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасында 26 төсек-орындық, ал Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасында 30 төсек-орындық шала туған нәрестелерді күту бөлімдері ашылды. Сондай-ақ Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында бір күндік клиника өз жұмысын бастады. Мұнда жоғары білікті мамандар қызмет етеді", - деді Лейла Пернебайқызы.

Жалпы, 2024 жылы Алматы облысында 23 852 сәби дүниеге келіп, оның 219-ы егіз болса, бір рет үшем туған жағдай тіркелді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!